Жұлдыздар жаппай тауға шығып жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин талаптары жеңілдете сала, жұлдыздар жиналып тауға шықты. Мақпал Исабекова бастаған өнер өкілдері табиғат аясында демалуды жөн көрген. Әнші дәл осылай әріптестерін салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Мақпал Исабекова, Диас Аблаев бастаған танымалдар таң атпастан, табиғат аясына жиналды. Екі айдан аса төрт қабырғаға қамалған күллі шоу-бизнес өкілдері, тауды сағынып қалса керек. Себебі, бұл уикенд Ninety one, Mad Men, EQ топтары да таза ауада демалып, жанкүйерлерін қызықтырып қойған еді.

Продюсер әрі режиссер, сценарист Гүлнар Сәрсенова болса, қазақ киносына жанашыр жандарға ашық хат жолдады. Кезінде «Оскар» премиясының номинанты атанған ол, пандемия отандық киноға қатты әсер еткенін айтады. Жан айқайын жеткізген Сәрсенова, еліміздің фильмдерінің болашағына бей-жай қарамайтын жандардан көмек сұрады.

Айта кетелік, продюсердің өзі «Нартай» фильмінің түсірілімі үшін мемлекеттен бөлінген 380 миллион теңгені Ұлттық кино орталығына қайтарған. Одан бөлек Сәрсенова отандық фильмді қолдау мақсатында дебютанттарға өз қалтасынан 40 млн теңге бөлгенін жазған.

Ал «Алаулық» Әсет Арыстанбекке керісінше, карантин оң әсерін тигізгендей! Әнші бұл аралықта жеке альбом дайындап үлгерген. Су жаңа туындыны, өнер иесі орыс тілінде ұсынады.

Әсет Арыстанбек, әнші:

- Өзім де таң қалып жатырмын. Іштегі дүние соншалықты жатқанын. Ұйықтап жатқан дүние. Қазір шығып жатқанына, взрыв мозга. Миыма сиятын нәрсе емес, сол үшін карантин рақмет саған.

Осылайша, Алаулық Әсет Арыстанбек өз тыңдарманын таңқалта алатынына сенімді.

Әсет Арыстанбек, әнші:

-Манерасы, тембрым, барлығы жағынан, сөздері жағынан болсын, мотиві жағынан болсын, нотасы болсын, аранживровка болсын, орысша тілге жатып тұр. Таң қаласыңдар.