Қайрат Нұртас анасына айт күні, зәулім сарай сыйға тартты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртас – тыңдармандарын қайран қалдыруын қояр емес! Шоу-бизнестің шабандозына карантин әсер етпегендей, қалтасына салмақ түсірмегендей... Өйткені әнші үш күн бұрын ата-анасына зәулім сарай сыйға тартқан! Әке-шешесіне қымбат сыйлық тарту еткен тағы қандай жұлдыздар бар?

Қайрат Нұртас қашанда көш алды жүреді. Мәселен үш күн бұрын ата-анасына үлкен үй сыйлаған оның бұл әрекетін желіде талқылап жатқандар жетерлік. Заманауи жиһазбен жабдықталған, соңғы үлгідегі пәтер құдды хан сарайындай. Тұңғышынан тосынсый алған Айдарбекова, оқырмандарынан сүйінші сұрап, жаңа қонысының видеосымен бөліскен.

Қайрат Нұртас, әнші:

-Анамызға шынымды айтсам, не сыйларымды да білмедім. Үй де сыйладым, машина да сыйладым анама. Тек қана сыйламағаным: бір арқалап Меккеге апарғым келеді. Бірақ арқалап емес қой енді, өзіммен бірге Меккеге барып.

Сол менің басты арманым, мақсатым, сыйлығым сол болса екен деп тілеймін!

Бізге берген дәл осы сұқбатында Қайрат, анасын меккеге апаруды армандап жүргенін айтқан болатын. Әнші сөзінде тұрып, Айдарбековамен бірге өткен жылы мұсылмандар мекеніне барған еді. Қала берді Қайрат, биыл қасиетті айдың аяғында Гүлзира ханымға тағы бір үй сыйлады.

Ата-анасының алғысын арқалап жүрген тек қана Қайрат Нұртас емес. Мәселен танымал тележүргізушінің баласы, «Юфреймдық» Артур Асқарұлы да анасын қуантқанды жақсы көреді екен. Ол, Гүлмира Дайрабай АҚШ-тан оралар сәтте, пәтерлеріне жөндеу-жұмыстарын жасап, тосынсый әзірлеген.

Артур Асқарұлы, вайнер:

–Анаға қанша сыйлық жасасаң да жарасады. Өйткені ол ең жақын адамың ғой. Ол қазір Лос-Анджелесте «болашақ» бағдарламасымен білім алып жатыр. Бос уақытым болса, тосынсый жасап барып тұрамын. Қаржылай көмектесемін, жиі саяхаттауға жіберемін.

«Blackstar»-дың бұлбұлы Назиманың да бір арманы әкесіне темір тұлпар мінгізу болған екен. Ол өткен жылы өз туған күнінде соңғы маркалы көлік тізгінін асқар тауына ұстатты. Пост астындағы жазбасында: «біз үшін қанша қиындықты еңсердіңіз. Арманымның бір бөлігі орындалды. Енді үлкен үй алып берсем», - деп жазған.