«Billboard» басылымы үздік тректер тізімін анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ең беделді «Billboard» басылымы тыңдалымы бойынша топ жарған тректер тізімін анықтады! Бірінші орынға Ариана Гранденің Джастин Бибермен шырқаған «Stuck with U» дуэті жайғасты.

Еске салсақ, бұл қос өнерпаздың үшінші каллобрациясы. Аталмыш әуен қайрымдылық масатында жазылған еді. Туындының мәтіні карантин кезінде халықты ешқайда шықпауға шақырса, бейнебаяны үйде отырған адамдардың телефонға түсірілген видеоларынан құралған. Сондай-ақ, тректен түскен бар қаражат АҚШ-та коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге жұмсалмақ.

Соңғы кездері шоу-бизнесте Doja Cat есімі жиі айтылып жүр! Күні кеше оның «Like that» трегі Тик-токтың хиты атанса, енді міне «Say So» әні Billboard-тың үздіктері арасында. Хип-хоп орындаушы бұл туындыны Nicki Minaj-бен шырқаған. Тыңдарман арасында қос әншіні ұқсатып жатқандар да жетерлік.

Ал үздіктер үштігін 6IX9INE тұйықтайды! Америкалық адуынды рэпердің «GOOBA» трегі де көпке ұнап жатқан туындылар қатарында!