Той өткізген жұлдыздар әріптестерінің сөзіне қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантинде бір басын екеу етіп, шаңырақ көтергендер жетерлік. Бірі сақтық шараларын ескеріп, думанды тойды кейінге шегерсе, енді бірі темірді қызғанда соғуды жөн санаған. Олардың қатарында Әли Оқапов пен «Асылдық» Ақерке Бүркітбай, «Томирис» фильмінде патшайымның жас кезін сомдаған Салтанат Серкебаева мен актер Олжас Әлжанов та бар. Шоу-бизнес өкілдерінің қуанышын дүркірете атап өткен тойларынан видеолар әлеуметтік желіде тез-ақ тарап үлгерді.
Олжас сынды әріптестерінің той жасауы кей әртістің ашуын туғызды. Мәселен, желі жұлдызы Нагимуша таяуда ғана тұрмысқа шығып, шағын түрде қуанышын атап өткен еді. «Көпшіліктің қатаң сынына қалмас үшін, сақтық шараларын ұстандым», - дейді ол.

Нағима Настевич, вайнер:

- Жалпы бізде аз адам болды, бір 20 шақты. Біз оны далада істедік. Бірақ бізге хабарласқан еді, бірнеше рет айтқан еді: «байқаңыздар, қарап жүрміз, өйткені қазір заң бәріне ортақ. Кім болсаңыз да, не болсаңыздар да заң бәріне ортақ, өйткені оны сақтап біліңіздер, біз сіздерге қарап жүрміз», - деп звондаған еді. Содан, менің ойымша, ол дұрыс негізі.

Мадина Сәдуақасова да Нағима секілді, сауық-сайраннан бұрын, қауіпсіздікті бірінші орынға қоятындар қатарында. Әнші: «үлкен той жасап, халықты жинаған әріптестерін қолдай алмаймын», - деп отыр. Оның сөзінше, карантин аяқталмай, думандату заңды бұзушылық. Өнер иесі, ақшасыз қалса да, кей әріптесі сынды ережеге қарсы келе алмайды.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

- Жалпы Қазақстандағы заң бойынша, бізде ешқандай рұқсат жоқ әлі концертті де өткізу, тойды да өткізу әлі ешқандай рұқсат жоқ. Сондықтан менің заказдарда отыратын, телефонда отыратын көмекшім алмайды әзірше. Қалай заң шығады, әрине бізде очередьте дейді ғой.

Жарты жыл тойсыз - табыссыз отырған «Ордалық» Дастан Оразбеков керісінше, қуанышты атап өтуді әбестік санамайды. Карантин кесірінен қалтасынан қағылған әнші сондықтан қандай мүмкіндік туса да, қалт жібермеуге тырысады.

Дастан Оразбеков, «Орда» тобының әншісі:

- Тойға қонақ боп келдім мен мысалыға, заң жүзінде ол жерде өлең айтуға болмайды деп жатқан жоқ қой ешкім. Қонаққа өлең айтуға бола ма, болады. Онда өлең айтамыз, әрине.

 

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться