Нұрлан Қоянбаев рекорд орнатты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрлан Қоянбаев 25-ші маусым Қазақстан туының фотосын инстаграмға жүктеп, ең көп комментаримен әлемдік рекорд орнатуға шақырған болатын. Продюсер дәл осылай еліміздің көк байрағын жер жаһанға танытпақ ниетте. Бұрынғы рекорд 5 миллион болса, Қоянбаевтың аталмыш фотосы 10 миллион пікірмен басып озды. Еске салсақ, отандық шоу-бизнес өкілдерінің өзі бұл поста жазба қалдырып, ат салысқан еді.

Айым Сейітметова су жаңа көлік иесі атанды! Актрисаға жолдасы туған күніне BMW маркалы темір тұлпар сыйлады. Бұл жайында бикеш желідегі парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрады. Сейітметоваға аталмыш маркадан алғашқы көлігін жолдасы Талғат, шаңырақ көтермей жатып тарту еткен екен. Енді ең соңғы үлгідегі BMW-ның кілті қолына тиген сылқым бақыттан басы айналғанын айтады.

Баян Мақсатқызы да жолдасы Түрсен Алагөзовты жаңа жасымен құттықтады! Өнер иесі парақшасында Тик-токқа арнап бірге билеген видеосын жүктеп, сүйіктісіне жүрекжарды жазба қалдырды. Десе, атышулы продюсердің тартуы бұл ғана емес! Мақсатқызы жарына Louis Vuitton брендінен аяқ киім сыйлап, бағалы тартуымен қуантқан екен.