Жұлдыздар арасында жаңа тренд!

Сообщить о проблеме с эфиром

Түріңіз мың құбылады... Басқа ұлт өкілі болсаңыз, бейнеңіздің қалай өзгеретіні сізге де қызық шығар? Инста желіде жұлдыздар жаппай сол қосымшаны қолданып: үнді, Азия, Еуропалық нәсілдерді өздеріне сынап көруде. Олардың қатарында: Марат Оралғазин, Қабдол Тілеков, Назым Әбілдина, Жұлдыз Өмірғали, Гүлназ Жолановалар бар. Қайсысы әдемірек?

Динара Сәтжан 38 жасқа толды! Танымал тележүргізуші күні кеше туған күнін жылдағыдай дүркіреген думансыз, ойын-сауықсыз, тек ет жақындарымен бірге атап өтті. Шағын дастархан басында тәтті тілектер айтылып, аққайнар атылған соң, Сәтжан-тегі қайтадан кеңсесіне оралып, жұмысын жалғастырған.

Халық үлкен алаңдағы концерттерді сағынып қалғандай... Бұған күні кеше Назиманың, Ресейдің Қызыл қаласындағы, ашық аспанда өткен кеші дәлел. Ел даладағы қара суыққа қарамастан, сылқымның хит әндеріне билеп, бой жылытып, көңіл көтерді. Шарадан үзінді жариялаған әнші, «келесі қай қала?» деп жанкүйерлерін қуантып қойды.