Әсел Садвакасованың жүкті екені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Актрисаның дәл осы суреттері көп күдігін үдете түскендей. Одан бөлек,

Сәдуақасованың инста парақшасындағы махабатқа толы жазбалары да оқырманды ойландырмай қоймады. Түрік еліндегі саяхатта бақыттан бал-бұл жайнаған Әселдің фотоларының астына жүктілігіне қатысты сауалдар жетерлік. Әзірге бикеш оқырман сұрағын жауапсыз қалдырып, көптің қызығушылығын одан әрі оятты.

2RAR шығармашылығына мықтап кіріскен сыңайлы! Әнші күні кеше «Ұзын шаштарың» атты жаңа трегін ұсынды. Соңғы уақытта аптасына екі ән шығаруды әдетке айналдырған Тұрардың өнері өрге домалауда.

Ал таяуда ғана «Артишок» театры ұжымымен қоштасқан Шыңғыс Капин кино мансабына мықтап кірісті. Енді ол режиссер Дамир Манабайдың «Журавли» картинасында басты рөлдің бірін сомдамақ. Актердің фильмдегі жұбы болып Дина Тасболатова таңдалған. Киногер Динамен бұған дейін де бірге жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанын айтады.