«Ninety One» тобының жаңа альбомы «iTunes» чартында үздік!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ninety One» тобының су жаңа альбомы «iTunes» музыкалық чартында бірден үздіктер қатарына енді. Әсіресе «SEÑORITA» трегі бірнеше күннің ішінде, 16-шы орынға көтерілген. Көптен күткен EP жинақты мемберлер топтың 5 жылдық мерейтойына арнаған еді.

«Ninety One» тобы:

- Бес жылдың ішінде көп нәрсе жалпы бастан өтті, көп нәрсені үйрендік, көрдік, түсіндік, өстік және де нақты осы бесінші жыл өте ерекше. Барлық жағынан алып қарайтын болсақ. Көптеген өзгерістер болып жатыр. Оған өздеріңіз де куәгерсіздер және де осы бес жылдан бастап біз үшін жаңа эра басталғандай болып жатыр негізінде.

Осылайша жаңа эра бастаған 91-ліктер, бұдан былай квартет болып өнер көрсетеді. Еске салсақ, таяуда ғана Эйзи топпен қош айтысқан-ды. Бұл жаңалық иглзға ғана емес, жігіттерге де қиынға соққан көрінеді.

«Ninety One» тобы:

- Негізі жеңіл болған жоқ. Әр түрлі шешімдерді қабылдау және сол шешіммен ары қарай жылжып кету, қозғалып кету деген. Бірақ, негізінде қазіргі уақытта бізде ең басында болған от, ең басында болған құлшыныс қайта пайда болғандай болды.

«Ninety One» -ның жаңалықтары бұл ғана емес. Q-pop өкілдерінің жуырда Шоу Ирина Кайратовнамен бірге коллаборациясы жарық көрмек. Оған қоса,

«SEÑORITA» трегіне арналған бейнебаян да ұсынылатын болады.

«Ninety One» тобы:

- Біз тоқтайын деген ойда емеспіз, ары қарай тағы да жалғасын көріп жатады басқа синглдар шығуы мүмкін, басқа, бұрынғыдай жарты жылға жоқ болып кету сияқты үнсіздіктің тақырыбын біз өзімізден алып тастадық.