Отандық бишілер Джаннет Джексонды таңқалдырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық «Wake up» би ұжымы Джаннет Джексонның «Rock with you» бейнебаянындағы хореографияны қайталап, кавер таспалаған еді. Кейіннен бұл бейнежазбаны әйгілі әншінің өзі бағалап, инстагарам парақшасына салып қойды. Тіпті, Джексон желіде топтың аккаунтын белгілеп, қазақстандықтармен бірге өнер көрсеткісі келетінін жазған. Сондықтан «Wake up-тықтар» жақын арада әлемдік жұлдыздың клипіне түссе, таң қалмаңыздар!

Ал Эрик Робертс,Тони Тод, Бай Лин бастаған голливуд жұлдыздары қазақстандық кинотеатрлардың ашылуын талап етуде! Әйгілі актерлар арнайы видео таспалап, оқиғаға байланысты өз өтінішін білдірді.

Еске салсақ, отандық киногерлер де бұл жағдайға байланысты петицияға қол қойып, жұмыстарын жалғастыруды сұраған еді.

Индира Еділбаева өз тыңдарманына тосынсый әзірлеуде! Өнер иесі таяуда Украинаға аттаған еді. Енді міне, ол «Голос.Украина» жобасындағы тәлімгері Дан Баланмен кездескенін айтады. Еділбаева өнердегі ағасымен шығармашылық тандем орнтауға кіріспек көрінеді. Бұған дейін ол талай мәрте аталмыш орындаушымен дуэт жазуға ниетті екенін білдірген-ді. Олай болса, отандасымыздан жақсы жаңалық күтеміз!