Цирк әртісі Карим Мұтырғановты неліктен цирктен қуып шықты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мұрат Мұтырғанов әлеуметтік желіде даулы жазба қалдырып, елді дүрліктіріп қойды. Танымал шоуменнің айтуынша, оның зейнеттегі әкесі Алматы циркіне жастарға кеңес беріп, ақ жол тілеуге барған. Алайда, аталмыш мекеменің қызметкері болмағандықтан Карим мырзаны басшылық қуып жіберген көрінеді. Жақынына жасалған әділетсіздікке көз жұмып қарай алмайтынын жеткізген кіші Мұтырғанов бұл мәселені бейжай қалдырмақ емес.

Jokeasses командасының мүшесі Ахмад Хельми Шаманди шаңырақ көтермек. Күні кеше вайнер Әсия есімді сәнбикеге үйленуге ұсыныс жасады. Еске салсақ, сылқым бұған дейін экс-найнтиуандық AZ-мен көңіл жарастырған-ды.

Абай Бегейдің де шаңырағында қуаныш. Әнші алтыншы рет әке атану бақытына ие болды. Таяуда ғана екінші рет немерелі болған Абай мырзаға көп ұзамай келіншегі де кестетігер сыйлап қуантты. Әзірге сәбидің есімі белгісіз.