Glamour's Women of the Year марпаты онлайн түрде өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан Glamour's Women of the Year-қа биыл әдеттегі дәстүрінен бас тартуға тура келді. Әйгілі марапат әлемдегі ахуалға байланысты онлайн форматта өтті! Бұл жолы кештің жүргізушілік тізгіні «Грэмми» үміткерлері, әпкелі-сіңілілі соул-дуэт Chloe x Halle-ке бұйырған-ды.

Еске салсақ, «Glamour» ұйымдастырған шараның басты мақсаты - өнімді еңбек етіп, өзгелерге үлгі болып жүрген аруларға құрмет көрсету. Басылымның пайымымен, «Жыл әйелі» аталымы пандемия кезінде жан аямай, қатерлі вируспен күрескен Нью-Йорктағы Элмхерст ауруханасының дәрігерлеріне бұйырды.

Ақ халаттылардан өзге, өзге саланың бикештері бұл кеште елеусіз қалмады. Мәселен Райан Рейнольдс пен Джон Ледженд заңгер әрі Құқық қорғау ұйымының президенті Шеррилин Айфиллды марпаттады.

Джон Ледженд, әнші:

- Өзгенің құқығын қорғап, әділдік үшін атқарып жүрген Шеррилинның еңбегі орасан. Ол талай адамды шабыттандырып та жүр. Сондықтан, қоғам үшін жанын салмай жұмыс істеп жүргеніңіз үшін алғыс айтамыз!

Сондай-ақ, бұл шарада актриса, режиссер, әрі продюсер – Реджина Кинг те «Women of the Year» марапатына лайық деп танылды.

«Оскар» иегеріне киносаласына қосып жатқан үлесі ме қоғамға тигізіп жүрген пайдасы үшін алғыс айтып, сөз сөйлеу Шарлиз Теронға тапсырылды.

Шарлиз Терон, актриса:

- Нәсілшілдік тақырыбын көтеріп, елеулі еңбек етіп жүргенің үшін алғыс айтамын! Реджина, мен сен үшін қуаныштымын! Сен әлемді өзгертіп жүрген жансың!

Осылайша, онлайн форматта болса да, Glamour журналы биыл да, еңбегімен есте қалған әйелдерге барынша құрмет көрсетуге тырысты.