«Жұмбақ қыз» телехикаясы көрермен көңілінен шығуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазан айының 10-нан бастап НТК арнасының көрерменіне жол тартқан «Жұмбақ қыз» телехикаясы бүгінде көрермен көңілінен шығып үлгерді. 12 бөлімнен тұратын туындыда Гүлнар мен Арманның махаббаты көп нәрсенің бірінші орында емес екенін дәлелдейді. Басты кейіпкерді сомдаған Тәуекел: «Бұл стереотиптерді бұзған сериал болды», - дейді.

Тәуекел Мүсілім, актер:

– Фариза керісінше, бұл жерде де стереотип, адамдардың қалыптасқан. Әдемі қыздар топас болады, білімге қабілеті жоқ деп көбісі ойлайды. Бұл жерде де керісінше біз көрерменге көрсетіп жатырмыз. Әдемі қыздар да, білімді бола алады, ғылым жолында жүре алады, қызмет ете алады, оқи алады.

Ғылымға баспен берілген Арман қыз-қырқынды еш елемек емес. Бар ойы жұмыста жетістікке жету. Үнемі тек серілерді сомдайтын Тәуекелге бұл телехикая қиындық тудырмапты.

Тәуекел Мүсілім, актер:

– Бұл жерде өте салмақты кейіпкер. Ғылым саласында жұмыс істейді, қызмет атқарады. Ғылымды қатты жақсы көреді. Есімі – Арман. Тек бойдақ әлі өз махаббатын кездестірмеген. Жалпы өмірде де болады ғой, сондай азаматтар. Жаңағы тек қана ғылымға беріліп кеткен. Одан басқа ештеңені байқамайды. Қарамайды, қызықпайды.

Сән әлемінің ерке сылқымын сомдаған – Фариза Ескермес. Ғылымды көксеген ару мансап жолында келбетін өзгертуге дейін барған. Ақыры қайсар қыз өзін мойындатпай қоймайды.

Фариза Ескермес, актриса:

– Фильмдегі образым өзіме ұнайды. Өйткені ол Гүлнар маған мүлдем ұқсамайды. Ол атақты болғысы келмейді. Әдемілікті бағалағандарды ұнатпайды. Ал мен өмірде ондай емеспін.

Керісінше, қыз-қырқынға құмар серіні сомдаған – Шадияр Абдуллаев, рөлінің оңайға соқпағанын айтады. Тіпті осы образы үшін, жарынан арнайы рұқсат та алыпты.

Шадияр Абдуллаев, актер:

- Ол қызқұмар болып басында, соңында бір қызға ғашық болып қалады. Ол қыз қарама-қайшы мінезімен келеді. Түрі де басқаша. Менің кейіпкерімнің таңдауы емес. Бұл сериал кішкене комедияға толы. Комедиядағы дебютым деп айтсам болады. Оның алдында мен тек триллер, экшн сондайға түсетінмін.

Аз уақытта көп көңілінен шығып үлгерген сериалдың барлық бөлімдері НТК-ның ресми сайты мен ютуб арнасына жүктелген.