Джиджи Хадид пен Зейн Малик тұңғыштарының жүзін көрсетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қыркүйекте ата-ана атанған Джиджи Хадид пен Зейн Малик тұңғыштары туралы кез-келген ақпаратты жеті қат сандықта сақтап келген-ді. Қыздарының есімін әлі күнге дейін халыққа жария етпеген олар, күні кеше сәбимен түскен суретті желіге жүктеп, жанкүйерлер жүрегін елжіретті. Отбасылық фото «Хэллоуин» патиінде түсірілген. Онда Зейн Гарри Поттер, Джиджи видеоойын кейіпкері, ал кішкентай бүлдіршін Халк образында киінген. Кішкентай суперқаһарманға сүйсінген фалловерлер бүгінде жарыса комментарий жазуда.

Әнші әрі актриса Эшли Симпсон үшінші мәрте сәбилі болды! 35-ке келген өнер иесі жағымды жаңалығын желі арқылы жеткізді. Ол: «Зигги Блю Росс. Біздің сүйікті ұлымыз дүниеге келді. Төбем көкке жеткендей, бақыттыммын», -деп пост жазған. Бұл сәтте, Эшлидың жары да үнсіз қала алмады. Эван Росс та инстгарамға шақалақтың фотосын салып: «Атұстарым туылды! Мен жұмақтамын»,- деп қуанышын білдірді.

Бір уақытта екі бөлек елге саяхаттаған Тимати мен Анастасия жұрттың қызу талқысына қалды! Экс-блэкстарлық сері қызы мен анасын ертіп, Малдивы аралдарына аттанған-ды. Мұны байқаған Решетова да, құр қарап отырмады. Сәнбике де ұлын жетектеп, жеке ұшақпен жылы жаққа сапарлатты. Әзірге бикеш нақты қайда екенін ашып айтпады.