Кендалл Дженнер туған күнін дүркірете атап өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше, карантин кезінде қырық жасын тойлаймын деп Ким Кардашьян жұрт қаһарына ұшыраған еді. Алайда, әпкесінің бұл қателігі Кендалл Дженнерге сабақ бола алмағандай. Әйгілі сәнбике 25 жасын дүркірете атап өтті. Шулы патиде Кайли Дженнер, Винни Харлоу, Джейден Смит, Джастин мен Хейли Бибердің өзі келді. Меймандар «Хэллуинге» орай, түрлі образда төбе көрсетті. Десе де, бұл күні Кендаллдың киген үлгісі өзгелерден ерекше болғаны сөзсіз.

Кайя Гербер Джейкоб Элордимен кездесіп жүргенін мойындады! «Эйфория» телехикаясының актеры мен әйгілі сәнбике көңіл қосқаны туралы қауесет қыркүйек айынан бастап тараған еді. Жұлдызды жұп патилердің бірінде бірге бой көрсетіп, көп күдігіне нүкте қойғандай. Онда олар Элвис Пресли мен оның жары Присцилла образында келген-ді.

Джонни Депптың жолы болмады! Кезінде оның экс-жары Эмбер Херд зорлық-зомбылықтың құрбаны атандым деп, киногерді айыптаған еді. Кейіннен «The Sun» басылымы бұл туралы мақала жариялаған болатын. Мұны көрген Депп әйгілі журналды жала жапқаны үшін сотқа берген. Нәтижесінде, күні кеше Лондонның жоғарғы соты керісінше, «Кариб теңізінің қарақшысын» әйелін ұрып-соқты деп, кінәлі деп таныды. Қазіргі сәтте актердың адвокаттары бұл шешіммен келіспейтінін айтуда.