«Eurasian Kids Fashion Week» шымылдығын қайта түрді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Eurasian Kids Fashion Week» осымен үшінші мәрте өз шымылдығын түріп отыр. Алайда фэшн шара карантинге байланысты көрерменсіз өтті. Ләззат Мамедова қиын жағдайға қарамастан, сән апталығын өткізуді міндеті санапты.

Ләззат Мамедова, ұйымдастырушы:

– Қазіргі заманның балалары өте дарынды. Мен әрдайым айтып жүремін, менің модельдерім тек сұлулығымен ғана емес, өздерінің сан-түрлі өнерімен талантты. Олар ән де айтады, би де билейді. Мен оларды мақтан тұтамын.

Jah Khalib-тың анасының айтуынша биылғы балалар сән көрсетілімі тарихта қалмақ. Себебі, фэшн шарада ең жас дизайнер 5 жастағы бүлдіршін болды. «Көбелектер» деп аталатын коллекция ұсынып отырған кішкентай ару Қырғызстаннан келген. Топтама қыздарға арналған кешкі көйлектерден тұрады.

Аяулым Байтемірова, Амира Әлпиеваның анасы: (Қырғызстан)

- Эскиздардың бәрін өзі құрастырады, өзі жасайды. Сол эскиздарға қарап тігу жағын, көйлектердің орындаулын барлығын мен қадағалаймын. Қазіргі таңда біз тігу курстарына барып жүрміз. Қызым уже тігін машиналарында тіге алады.

Балаларға арналған фэнш шарада, ұлттық нақыштағы «casual» стилі де назарға ұсынылды. Үлгілерді «Сән және Дизайн» колледжінің студентері таныстырған-ды. Фэшн саласының болашақ мамандары бұл коллекциямен Ресейде бірінші орын иеленген екен.

Бибайша Тойшыбек, дизайнер:

- Бүгінгі бізде осы национальный калориттегі көйлектерді ұсынамыз. Біз тематикаға байлынысты бұл «casual style». Қазір өздеріңіз көрсеңіздер болады. Күнделікті өмірде қолданылған және сахнада театрда қолданылады бұл коллекция бізде.

Бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырлып келе жатқан «Eurasian Kids Fashion Week»-ке Jah Khalib-тың өзі жәрдемдесіп келеді. Музыкант анасын ғана емес, дәл осылай кішкентай дарынды отандастарын қолдамақ ниетте екен.

Ләззат Мамедова, ұйымдастырушы:

– Баламның командасынан достары көмектесіп жүр. Барлығы соның таныстары, музыканттар болсын. Сондықтан ол бізді алыста болса да бақылап отырады.

Еске салсақ, былтыр Jah Khalib фэшн кешке арнайы келген еді.