Ернар Айдар қызды болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Перзентхана алды тола көпшілік, тазы иттер мен ән-жыр айтқан сал-серілер. Мұндай думан-тойға себеп болған сәби – Айым Ернарқызы. Ернар Айдар екінші сәбиінің кіндік әке-шешесі болу мәртебесін Мейрамбек Бесбаев пен оның жары Мархабатқа сеніп тапсырған. Өнер иесі Айдартегінің кестетігерін өзі салтанатты түрде шығарып, ақ батасын берді.

Аян Бірбаев «Ринго» тобымен қош айтыспақ па? Өнер иесі Ян Маченски есімді әншімен жаңа жоба дайындап жатыр. Қос өнерпаз тіпті ортақ тректі де әзірлеп қойған. Бүгінде Бірбаев Маченскимен бірге ұсынған туындыларының үзінділерін желіге жүктеп, тыңдарман қауыммен таныстыруды бастап кетті.

Feat-ке жаны құмар Аргоня кезекті туындысын Дастан Оразбековпен ұсынды! Қос өнерпаз күні кеше «Бұл кім?» атты әнімен тыңдармандарын қуантты. Тректі ютуб платформасында әзірге 10 мыңға жуық қолданушы тыңдап үлгерген. Десе де, әнсүйер қауымның туындыға берген бағасы өте жоғары.