Бритни Спирстың болашағы бұлыңғыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бритни Спирстың болашағы бұлыңғыр! Әншінің өнер жолы осымен тоқтаған сыңайлы. Себебі әкесі Джейми, Бритнидың сахнаға шығуына түбегейлі қарсылық танытып отырғанға ұқсайды. Поп-жұлдыздың өзі болса, осы мәселеге қатысты туыстарын сотқа беріп, жеңіліп қалған болатын. «Содан бері ол маған, қорқып жүрмін деп, жиі хабарласатынды шығарды», - дейді Спирстың қорғаушысы Сэм Ингэм. Инстайдерлердің айтуынша, жұлдызды әке істе жеңілмес үшін, құқық қорғау өкілдеріне 300 мың доллар пара берген көрінеді. Бұл дерек бүгінде анықталып жатыр.

Гарри Поттер енді инстаграмда! Нақтырақ айтқанда, аталмыш аңыз фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған Рон Уизли яғни Руперт Гринт енді әлеуметтік желіге тіркелді. Рупертке бір күннің ішінде 2 миллионға жуық оқырман жазылып үлгерген. Ең бірінші қызымен түскен суретін жүктеп: «Мен бар болғаны, 10 жылға ғана кешігіп қалдым. Мұнда қызым – Джи Гринтты таныстыруға келдім», - деп жазба қалдырған.

Кайли Дженнер жұрт ашуын тудырды! Сәнбике әрі бизнесвумен ару инста парақшасына, кеудесін айқара ашық көрсететін кеудеше киген суретін жүктеген. Бұл фото Кайлидің оқырмандарына ұнамағаны анық. Себебі көпшілігі: «Не киіп алғансың? Анасың ғой, қызыңнан ұялсаңшы», - деген пікірлер қалдырған. Комменттер Кардашьян әулетінің еркесіне ұнамай қалса керек, ол бірден бұл қосымшаны өшіріп тастаған.