Димаш Құдайберген алғаш рет ашыла сұқбат берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шартарапқа аты жайлса да, көк қағазқа құмар емес екенін айтып, Құдайбергентегі көпті таңқалтты. Қала берді, Димаш күнделікті өмірде әмиян да ұстамайды екен. Тіпті, нанның бағасын білмейтін ол соңғы рет қашан дүкенге барғанын есіне түсіре алмады. Сондай-ақ, әнші әзірге жүрегінің бостығын айтып, сүйіктісі кездесіп жатса, «бақытын құпияда» ұстайтынын мәлім етті.

Әділжан Умаров араға біраз уақыт салып, жеке шығармашылығына қайта кірісті. «Ринголық» сері, топтың карантинде жұмыссыз отырғанына шыдамады ма, әйтеуір өнерін қолға алуды жөн көрген. Малика Авазбаева есімді әншімен дуэт жазып, бейнебаян ұсынды. «Пәри сән» деп аталатын бұл туынды ұйғыр тілінде.

Комикс сүйер қауымға жағымды жаңалық! «Қазақ Man»-ның екінші бөлімі жарық көрді. Бұл жайында туынды авторы әрі вайнер Бексұлтан Қазыбек өз инста-парақшасында қуана мәлім етті. Осыдан екі ай бұрын алғашқы бөлімін ұсынған ол, комикстің 5 000 данамен таралғанын айтады. Еске салсақ, тың туынды ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген болатын.