Ғалымжан Молданазар сахнадан түбегейлі кетпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ғалымжан Молданазар көптен бері сахнадан көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Музыкант бүгінде жас таланттардың талабын шыңдап, есімдерін елге танытпақ.

Moldanazar, музыкант:

- Жалпы соңғы 3 жылдың ішінде өзімнің творчествалық шығармашылық жолымды кішкене қысқарттым. 3 жыл бұрын мектеп аштым. Бірақ ол жайлы тек жақындарым, достарым ғана білді.

Ғалымжанның өнер мектебінен түлеп ұшқан жастар бірден «Moldanazar Music» лейблының әртісі атанады. Ғалымжан бар білген-түйгенін үйретіп қоймай, «шәкірт ұстаздан озса екен» дейді.

Moldanazar, музыкант:

- Осы әнші болып қалыптасқалы продюсер болсам, осындай жастарды менен де мықты, менен де күшті, менен де көп нәрсе бере алатын жастарды тәрбиелеп шықсам деген арманым болатын. Қазір сол арман жолында жұмыс жасап жатырмын.

Арман жолында алғашқы қадамдарын жасап жатқан Ғалымжан, таяуда ғана Орынхан есімді өнерпазды көпшілікке таныстырған-ды. Ал келер жылы музыкант тағы 3 бірдей жобасының тұсауын кеспек.

Дей тұрғанмен, Ғалымжан өз тыңдарманын да ұмыт қалдырмақ емес. Музыкант адал жанкүйерлеріне бірнеше жаңа ән ұсынбақ ниетте.

Moldanazar, музыкант:

- Алдыда тағы да қазір жасалып жатыр жұмыс үстінде. Бірақ әзірге нақты уақытын айта алмаймын қашан шығатынын. Бірақ мен тоқтамаймын.