Нұртас Адамбай неліктен онлайн кинотетарды қолдамайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұртас Адамбай осыдан бір жыл бұрын таспалаған «Келинка Сабина 3» фильмін әлі күнге дейін жарыққа шығармады. Режиссер карантин болмаса 19-шы наурызда тұсауы кесілуі тиіс комедияны онлайн кинотеатрларға да сатпаймын дейді. Себебі, ол туындысын кинотеатрлар 100 пайыз ашылғанда ғана үлкен экрандарға ұсынбақ.

Нұртас Адамбай, режиссер:

- Қазақстанда өкінішке қарай халық саны аз, елімізде фильмдерді монетизациялау мүмкін емес. Сондықтан, реалист ретінде, картина кинотеатрда көресетіліп болған соң, оны көпшілікке ұсынамыз. Мәселен, түрлі себеппен картинаны тамашалай алмаған адамдар көрсін дегендей.

«Шет елде трендке айналған онлайн кинотеатрлар елімізде аса дамымаған», - дейді Тимур Бақтыбаев. Карантинде «Любовь на миллион» картинасын үлкен экрандарға шығарған продюсер, ғаламторға өз фильмін сатудан бас тартқан.

Тимур Бақтыбаев, продюсер:

- Қазақстанда ол платформа дамымаған. Негізі маған ұсыныстар болды. Осындай платформа ашып жатырмыз, қазақстандық салсақ қайтеді деп. Мен айттым сала алмаймын ренжімеңіздер, себебі бұл өз ақшаңа болғаннан кейін, бұны қайтару керек ақшасын.

«Любовь на миллион» фильмінің режиссері Олжас Ибраев та стримингтік сервистер кинотеатрларды алмастыра алмайтынына сенімді.

Олжас Ибраев, режиссер:

- Мен негізі ондайға қарсымын мен өзім. Прокат премьерадан кейін болмаса, автокинотеатр болсын жаңа платный платформалар болсын, кинотеатрдың атмосферасына жетпейді. Кинотеатрда көрген ол өте бір бөлек дүние.

Режиссер Асқар Бисембин болса, әріптестерінің пікірмен келіспейді. Киногер фильмге жұмсалған шығынды, қалай да ақтап алу керек деп отыр. Бисембин сондықтан көрерменді ақылы платформаларға үйрету қажет дейді.

Асқар Бисембин, режиссер:

- Мен көрерменнің жауы болғым келмейді. Бірақ халық лентаны тамашалағаны үшін, ақша төлеп үйрену керек. Сол мәдениеттті қалыптастырғанымыз жөн болады. Дамыған елдердің бәрінде солай. Қанша дегенмен әрбір фильм киногердің еңбегі, қалтасынан кеткен шығын.

Ал Әділхан Ержанов өзінің «Сары мысық» лентасын ақылы платформаға сатқанына қарағанда, елімізде стримингтік сервистер ақырындап іске қосылуда деген ойға келесің.