Алтынай Жорабаева Түркияға көшпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Түркияның Алания қаласында орналасқан Жорабаеваның жаңа пәтері, әншінің арманындағыдай дәл теңіз жағалауында. Алайда, өнер иесі қоныстойды тек 2022 жылы ғана жасай алмақ. Себебі, үйдің құрылысы әзірге аяқталмаған. Сондай-ақ, Алтынай Түркияға көшпейтінін, тек демалуға келетінін жазды. Еске салсақ, бүгінде Қыдырәлі мен Қарақат та осы елден пәтер іздеп жүр.

Генадий Головкиннің гонорары төмендеуі мүмкін! DAZN стримингтік қызметі былғары қолғап шеберінің әр жекпе-жегіне 15 млн доллар төлеуі керек болған. Алайда, спорт эксперттері GGG-дің аса танымал емес боксшылармен қолғап түйістіргені үшін бұл сомманы төлеу орынсыз деп шешкен. Енді келесі жылы болатын Камиль Шереметамен кездесу алдында DAZN Головкинмен гонорар турасында келісім-шартты қайта қарап, өзгеріс енгізбек.

НН-Нұрдәулеттың оқырман саны 2 млн-ға жеткенін айтып, желіде сүйінші сұрады! Танымал блогер әрі вайнер соңғы уақытта шоу-бизнес өкілдерінің арасында кеңінен сұранысқа ие болып жүр. Бүгінде ол оқырманға қызық дүние ұсыну үшін Мәскеуге аттанып, Ресей блогерлерімен коллаборация жасауға кіріскен. Олардың қатарында танымал вайнер Гусейн Гасанов та бар.