M'Dee-дың су жаңа әні трендте!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәди Тоқтаровтың «До завтра» әніне ұсынған клипі тыңдарман көңілінен шыққандай! Туынды бір тәулікке жетпестен, youtube платформасында 20 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген. M'Dee жаңа жинаққа «Черное зеркало» сариалы сеп болғанын айтады. Телехикаядан шабыт алған музыкант, тректерінде дәл осы картинадағыдай қарбалассыз өмірді көрсеткісі келген екен.

Ал «Ұлытау» тобы бүкіләлемдік байқауда бағын сынауда. «Djooky Music Awards» халқаралық онлайн-сайыс үздік ән мен ән авторын дауыс беру арқылы анықтайды. Қыдырәлі Болманов жетекшілік ететін ұжым конкурсқа «Адай» композициясын ұсынған екен. Ал отандастарымызға кез-келген адам жанкүйер бола алмақ. Ол үшін Djooky Music Awards-тың арнайы қосымшасын жүктеп, өз таңдауын жасаса жетерлік.

Бірнеше айдан бері Түркияның Алания қаласында демалып жатқан «Ринголық» Батыр Байназаров пен жары Әсел Жамақаева жалған тесттің құрбаны болды. Олардың COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсетіп, жұлдызды жанұя 8 күн карантинде отырған. Кейіннен тест нәтижесі дұрыс емес шыққаны белгілі болған.