Кендалл Дженнер психикалық дерті туралы айтып берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кендалл Дженнер сұраныстағы сәнбикелер көшін бастап тұр десек артық айтпаспыз. Бүгінде миллиондап гонорар алатын модель талай арудың кумиріне айналып үлгерген-ді. Алайда Дженнер жұрт алдында жүрудің өз қиындықтары бар екенін айтып, шағымданды. Тіпті, сылқым өзіне деген халық назарынан шаршайды екен. Сондықтан да Кендал жиі-жиі психологтардың көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Эмбер Хердтің басы әлі де дауда! Таяуда ғана «Аквамен 2» фильміне қайта шақырту алған актрисаға, көрермендер қарсы шығып жатыр. Тіпті, киносүйер қауым Эмбердің аталмыш туындыда бой көрсетпеуі үшін петиция жазуда. Наразылық құжатына бірнеше күннің өзінде 1,5 млн адам қол қойған көрінеді. Еске салсақ, Эмбердің экс-күйеуі Джонни Деппен соттасуынан кейін бірнеше киностудия актрисамен жұмыс істеуден бас тартқан еді.

Дженнифер Энистон ғашығын кездестіргені рас па?! Әйгілі актриса әлеуметтік желіге бейтаныс жігіттің фотосын жүктеп, оны жүрекшемен белгілеп, оқырманының күдігін тудырды. Әдетте жеке өмірін құпия ұстайтын өнер иесі, осылайша фанаттарының қызығушылығын оятқан-ды. Еске салсақ, 51 жасқа келген Энистонның, талай жылдан бері басы бос.