Дильназ Ахмадиева босанғаннан кейін депрессияға ұшырағанын айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Дильназ Ахмадиеваның ұлы Зейданға жуырда 9 ай толмақ. Алғаш рет ана бақытын сезінген әнші: «Қуанышымды ет жақындарыммен бөлісе алмадым», - дейді. Себебі, Дильназ босанғанда карантинге байланысты төтенше жағдай орын алып, өнер иесіне бірнеше ай үйден шықпауға тура келген.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

– Мен 14-ші наурызда босандым. 16-шы наурыз күні карантин жарияланды. Сондықтан, мен перзентханадан шыққан сәтте қасымда ешкім болмады. Тіпті, қырқынан шығарғанша жақындарым жанымнан табылмады.

39 жасында тұңғышын бауырына басқан Ахмадиева, пандемия кезінде сәбиімен жалғыз қалған. Өнер иесі тіпті: «Бала күтушіні де уақытылы жалдай алмадым», - дейді. Кішкентай нәрсетені өзі ғана баққан Дильназ, күйзеліске ұшырап, салмақ тастағанын айтады.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

-Баламның үш айлығына дейін өзім жалғыз бақтым. Сондықтан да өте қиын соқты. Күн ара келетін бала күтуші болды. Ол жоқ кезде мен мүлдем ұйықтамайтынмын. Сол себептен қатты арықтап кеттім.

«Осылайша декреттік демалысым естен кетпес болды», - деген Дильназ, бүгінде күнделікті бала күтушісін жалдап отыр. Әншіге қазіргі сәтте сәбидің тәрбиесіне жары Азильхан Сейтбаев пен анасы жәрдемдесіп тұрады.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

– Керемет бала күтушіміз бар. Балама да қарайды, үй шаруасына да көмектесеті. Себебі кейде қолым мүлдем босамайды. Міне, бүгін сыртқа шыққанда, балапаным өз күтушісімен қалды.

Дильназ: «Ана атансам да шығармашылықты ұмыт қалдырмаймын», - деп отыр. Әнші алдағы уақытта су жаңа тректер ұсынып, сахнаға қайта оралмақ.