Айқын Төлепберген кезекті клипін түсіруге кірісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Айқын Төлепберген кезекті бейнебаянын орыс тілінде жарық көретін «Талисман» әніне түсіруде. Бішкек қаласының музейлерінің бірінде таспаланып жатқан клиптің басты кейіпкері – әншінің жары Жұлдыз Өмірғали. Төлепбергентегі бейнебаян түсірілімін қырғызстандық режиссер Мирлан Сатқымбаевқа сеніп тапсырған көрінеді. Күннің суығына қарамастан, қызу жұмысқа кіріскен жұлдызды жұп туындыны сәтті аяқтап, елге қайтуға асық.
Индира Еділбаева ресми түрде «Monarda studios» лейблынің артисі атанды. Күні кеше Дан Балан құрған музыкалық продакшнмен келісім-шартқа отырғанын Инди өз инстаграм парақшасында хабарлады. Еске салсақ, Еділбаева «Голос.Украина» жобасында Данның командасында өнер көрсеткен еді. Ал өткен аптада қос өнерпаз көпшілікке алғашқы дуэтын ұсынған болатын.
КС мен Bоnаh да жанкүйерлерін жағымды жаңалықпен қуантпақ. Өзен лейблының артистері бірлесіп жаңа сингл дайындауда. Тіпті, нью-скул әншілер туындыға клип таспалауды да жоспарлап қойған. Ал тыңдарман қауым желіде қос рэпердің жаңа туындысын асыға күтетінін жазған.