Карантин кезі жастарды ғана емес, ең сұраныстағы актер Қайрат Әділгерейдің өзін аямағандай!

Сообщить о проблеме с эфиром

Киножобалар тұралап, шақыртусыз қалған ол уақытын барынша тиімді пайдалануға тырысқан.

Қайрат Әділгерей, актер:

– Бірақ карантиннің бір жақсы жері теорияларын толықтырдық. Тіпті бұрын оқып кеткен теорияны ұмытып қалдық та соның барлығын қайтадан еске алып фундаметімізді яғни кез-келген нәрсенің фундементі ол теорияда ғой яғни теория жағын біз қатты күшейтіп алдық.

Осылайша, Қайрат Әділгерей мансабын енді бастағандарға өз өнеріне деген сенімді жоғалтпай, керісінше шығармашылығын шыңдауға шақырды. Ал Гүлназ Жоланова жас әріптестеріне кино саласындағы майталман мамандардың жұмысымен танысуға кеңес береді.

Гүлназ Жоланова, актриса:

– Бұл әрдайым шығып жатқан кез-келген сериал, кез-келген актуальды темада сериал, фильмдердің бәрін көру, бәрін техникалық жағынан актерлық жағынан барлық жағынан анализ жасап көріп және де керек нәрселерді түртіп өзіңе жаңағы қабылдауың керексің.

Жақында ғана кино әлеміне дебьют жасаған Қабдол Тілеков болса, талантыңды тұншықтырмас үшін бос жатпау керек дейді.

Қабдол Тілеков, актер:

– Мен білмеймін, не істеу керек екенін мен ондай кітап оқыған жоқпын, айнаға да қараған жоқпын. Бірақ енді білмеймін әйтеуір шығып кеттік қой сыртқа, вообщем шығып кеттік бірдеме істеу керек деп.

Дегенмен, сөзін «білмейміннен» бастаған актер әлі өзгелерге ақыл айтатындай емес екенін мойындайды. «Бірақ бастысы, бос жатпай әрдайым ізденісте болу керек», - дейді ол.