Дженнифер Лопес «Vax Live» концертінің хэдлайнері атанды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«COVID-19»-бен бірге күресеміз!» Дәл осылай ұрандатқан батыстық жұлдыздар Лос-Анджелесте бас қосты. Коронавриуспен күрес мақсатында «Vax Live» концерті ұйымдастырылған еді. Ауқымды стадионды адамға лық толтырған қайырымдылық кеш ең әуелі жұлдыздарды қызыл кілемге жинады.

Ауқымды концерттің жүргізушілік тізгіні актер Бен Аффлекке бұйырса, кештің басты хэдлайнері – Дженнифер Лопес атанды. Әлемге әйгілі әнші концерт барысында өз өнерін ортаға салып қана қоймай, тыңдарманын коронавирустан сақтануға шақырды.

Джей Ломен қатар концертте Селена Гомес те халық назарында болды. Көптен бері көрінбей кеткен өнерпаз «Bottega Veneta» брендінің қызыл түстес көйлегімен көзге түсті. Еске салсақ, концертке қатысқан жұлдыздардың барлығы вакцина салдырған.

Селена Гомес, әнші:

– Қауіпсіздікті сезіну біз үшін өте маңызды. Себебі қазіргі таңда барлығында да қорқыныш бар. Сондықтан қорғану үшін менің бар айтарым вакциан салдырып, барынша тәртіптке бағыну қажет.

Игі істің ұйымдастырушысы ретінде бұл шарада Гарри ханзада төбе көрсетті. Еске салсақ, «Vax Live» концертінің негізгі идеясы вакцинаның кез-келген үшін қолжетімді болуын үгіттеу. Айтулы кеш екпе бағасын төмендетіп, фармацевтикалық компанияларға қайырлымдылық жасауға шақырады