Иманбектің кезекті трегі трендте!

Сообщить о проблеме с эфиром

Иманбек кезекті туындысымен музыкалық чарттарда үздіктер қатарына енді!

Рэмиксмейкердің ресейлік рэпер Моргенштерн мен америкалық хип-хоп орындаушы Fetty Wap-пен бірігіп ұсынған «LECK» трегі «spotify» платформасында 1 млн рет тыңдалса, «youtube»-та 3,5 млн-ға жуық қаралым жинаған. Ал композиция отандық «iTunes kz»-те төртінші орынға жайғасты.

Үздік үштікте - Lil Nas X. Күллі әлемге танылған жас рэпердің 2 апта бұрын жарық көрген «MONTERO» атты туындысы тыңдарманның көңілінен шығуда. 2019 жылы «Old Town Road» әнімен көпке танылған музыкант су жаңа трегін өзінің шын есімінің құрметіне атаса керек.

«Akha» ретінде танылған Ахмет Үсербек болса «iTunes»-тан алғаш рет табылды. Екінші орынға жайғасқан 28 жастағы музыканттың «Какая ты красивая» әні бүгінде сұранысқа ие. Еске салсақ, өнерпаздың музыкаға бет бұруына баянсыз махаббаты себеп. Тіпті, Ахмет экс-ғашығын ұмыту үшін кезінде Рига еліне көшіп кеткен.

Ал музыкалық чарттың көшін Dose пен Dequine бастады! «Ветер» атты тректі

қос музыкант алғаш «Вечеринй Ургант» шоуында орындаған еді. Өнерпаздар ізін ала, кейіннен туындыға mood video ұсынды.