«Youtube» желісінде миллионер жұлдыздар кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақша контентті дамытып жүргендердің бірі – Марат Оралғазин. «Youtube» платформасында трендтен түспейтін шоуменнің парақшасына 1 млн 22 мыңнан аса оқырман тіркелген. Таяуда ғана алтын батырмаға ие болған әзілкеш ғаламторда сұраныста болуының себебін айтты.

Марат Оралғазин, шоумен, әзілкеш:

– Бұрын трендті ашып қалсаң, Ресейдің видеолары тұратын еді, қазір енді қазақша сериалдар, осындай бағдарламалар көп шығып жатады. Сол қуантады. Демек біз өзіміз енді өндіруші ретінде қазақ тілді контент көбірек шығарумыз керек.

Еске салсақ, Марат жеке парақшасына «Қызық Live» сынды түрлі шоулар мен сұхбаттарды жүктеп отырады. Оралғазинның әріптесі Еркебұлан Мырзабек те соңғы кездері ютуб платформасын қолға алуға кіріскен. Кеша онда америкалық бағдарламалардан аударылған жобалар арқылы 800 мыңнан аса қаралым жинап үлгерді.

Әншілер арасынан «Youtube» парақшасында оқырманы көп - Димаш Құдайберген. Оның арнасына 1 млн 34 мың фолловер тіркелген. Өнер иесі бейнебаяндарын жүктеп тұрады.

Димаш сынды Әлішер Кәрімов те аталмыш желіні қолға алған еді. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі көрерменіне клип, концерттерінен бөлек түрлі влогтар ұсынып келеді.

Әлішер Кәрімов, әнші:

- «Ты» деген ән, бейнебаяным шықты. Оны тек «Youtube» каналыма салдық. Қаралымдар өсіп жатыр. Бұл да менің шешімім, өйткені мен өз каналдымды дамыту керекпін. Қазір басқа ойлар бар, оны айта алмаймын. Өйткені сыр болсын, күтсін халық. Бірақ жақсы бір дүниелерді дайындап жатырмыз.

Десе де, әзірге Әлішердің парақшасына жазылушылар саны 10 мыңнан аспай тұр. Бір қызығы музыканттар арасында ютубта белсенді жұлдыздар саусақпен санарлық. Солардың бірі - «Ninety One», Данелия Тулешова және Мархаба Сәби бастаған өнерпаздар өз парақшаларын монитизациялау үшін барын салуда.

Отандық контентмэйкерлер арасынан «Youtube» платформасындағы ең үздік көрсеткіш кішкентай блогер әрі актриса Аминокаға тиесілі. Аминка Витаминка парақшасында 5 млн 33 мың оқырман тіркелген. Еске салсақ, бүлдіршін өзінің «Лада-Седан» атты вирусты видеосымен аталмыш желіде танымал болған еді.