Ирина Кайратовна «iTunes kz» чартының көшін бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«iTunes kz» чартының көшін «Ирина Кайратовна» бастайды! «5К»-әні осыдан 6 ай бұрын жарыққа шықса, бейнебаян 2020 жылдың желтоқсанында көрерменге жол тартқан еді. Жігіттердің бірінші орынға қайта оралуына жақында ғана «вДудь»-қа берген сұхбаттары әсер еткендей. Ал «5000» клипі бүгінде «youtube»-та 20 милионнан астам қаралым жинаған.

Dose пен Dequine «iTunes kz»-тің үздіктер тізімінен әзірге түсер емес! Қос өнерпаз «Ветер» атты трекпен музыкалық тізімнің екінші сатысына жайғасты. Еске салсақ, композиция алғаш рет «Вечерний Ургант» шоуында орындалып, бірден тыңдарманның қызығушылығын тудырған еді.

Райм «Oh My Love» әнімен хит үштікті түйіндеп тұр! Бұл трек өнерпаздың соңғы шыққан «4 Dongelek» альбомының құрамына кіреді. Су жаңа жинақтағы тректер ішінен тыңдарман дәл осы туындыны ерекше жылы қабылдады.

Сондай-ақ, үздік 5-тіктің құрамында Doja Cat-тың «Kiss Me More» әні мен Akha ұсынған «Какая ты красивая» трегі бар.