Kyle Ruh пен Назым Әбілдина «Тамшылар» әніне қайта жан бітірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Kyle Ruh пен Назым Әбілдина 25 жылдық тарихы бар «Тамшылар» әніне қайта жан бітірді! Әйгілі «АБК» тобының бағын жаққан композицияны қос өнерпаз жаңаша нұсқада орындап шықты.

Сәкен Майғазиев ескі әндерге жан бітіріп, мұндай кавер орындауларға қарсы еместігін айтады. Сондықтан, соңғы кезде белең алған бұл үрдісті қалыпты құбылысқа балайды.

Сәкен Майғазиев, «МузАрт» тобының әншісі:

– Кейбір әндерді әрине кез-келген дүниені өзінің интерпретациясында, өзінің орындауыда, өзінің мәнерінде орындау мүмкін бұл кавер версия барлығында болады, рұқсат етіледі музыка әлемінде.

«МузАрт» тобының әншісі сынды, Жұбаныш Жексенұлы кавер орындауларды құп көреді. Тіпті, муызканттың өзі жуық арада халық әндерін қайта шырқап, альбом ұсынбақ. Ал иесінің «Өкінбе сен» туындысын жуырда ғана Әміре ерек форматта ұсынып, қайта хитке айналдырған еді.

Жұбаныш Жексенұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Әмренің Бүркіт болып киімімен айтқаны «Өкінбе сен» өте керемет. Мен енді өте маған мынау көзге жас келетіндей сондай әсер берді, шын мәнінде де. Денең тітіркенеді, мен Әміренің өзіне звондап айттым керемет қой мынау деп.

Кавер арқылы танылғандардың тағы бірі – «Made in KZ» тобы. Дәстүрлі аспаптарда ойнайтын ұжым өзге әншілердің тректерін домбыраның сүйемелдеуімен айтып ерекшеленіп жүр.

«Made in Kz» тобы:

– Ең бастысы ол таңдаған әніңіз, қазіргі заманда, немесе ол әлде осы күнге дейін бұрынан келе жатқан осы күнге дейін танымал ән болсын немесе қазіргі хит болып жүрген әнге кавер жасасаң, ол міндетті түрде танымал болады.

Еске салсақ, отандық өнерпаздар арасынан кавер арқылы ТМД-ға танылғандар жетерлік. Мәселен, жас музыкант Colorit, Slava Marlow мен MORGENSHTERN-нің «Быстро» трегінін гитармен орындап «iTunes» чартынан табылды. Сондай-ақ, талай жыл сахнада жүрген Мона Сонгз та, Валерий Меладзенің «Салют, Вера» композияциясының арқасында өз аудиториясын тапқан еді.