Актерлық өмірдің қиындықтары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Киноның жілігін шағып, майын ішкен – Ақан Сатаев та түсірілімде жүріп талай сындарлы сездерден өткен екен. Мәселен 2,5 жыл тоқтаусыз таспаланған «Томирис» толықметрі Ақанды әбден әбігерлеген көрінеді. «Тарихи лентада әр деталь маңызды. Содан қате жіберіп алуға қорықтым», -дейді режиссер.

Ақан Сатаев, режиссер:

– Киноны әзірлеу өте қиын жұмыстардың бірі. Онда фильмді түсіру алдындағы дайындықтан бастап, халыққа ұсыну сәтіне дейін маңызды. Бірақ мен үшін ең қиыны – лентаны таспалау кезеңі дер едім. Себебі, бір қате жіберсең, жұмысың құрдымға кетеді.

30 сағат ұшақпен жеткен, 15 күн түсірілімге кеткен «Базар жоқ, Мексика» толықметрі шыққан шығынды ақтамағанымен қоймай, команданы процесс кезінде әбден әуреге салған екен. Лента режиссері – Жеңісхан Момышев: «Мансабымды кездескен ең бір қиын жобалардың бірі болды»,-деп еске алады.

Жеңісхан Момышев, продюсер, режиссер:

– Пустыняда жүргенде, онда жыланнан қорықтық. Специальный ботинкалармен жүрдік. Және бүкіл команда тамақтарын жей алмады, ол ашты тамақ, тако, енді 1 айдың ішінде өзіміздің бешпармақты аңсады ғой бәрі.

Түсірілім тек тамақ пен ұйқыдан қинамайды! Кейде образ үшін қағидаларыңа қарсы шығуға тура келетін кездер болады екен. Мәселен, Дариға Бадықова Ерке Есмахан таспалаған «Махаббат кафесі» толықметріне дейін, ешбір рөлінде темекі тартпаған. Бірақ сол лентаның бір сахнасы Дариғаны сарсаңға салған көрінеді.

Дариға Бадықова, актриса:

– Өмірде темекі шекпейтінмін. Негізі ол сценарийде де болмады. Сосын деген Асқар, енді бұл обиженный қыз ғой. Бірдеңеге бұған әдет керек болды. Давай темекі шегесің деді. Менің темекіден жүрегім до того айнығаны, бір дубльда 8 штук темекі шектім. Уже съемка дегенде темекі үшін площадькаға келгім келмей қалды.

Иә, әртіс болу оңай шаруа емес. Түсірілім алаңында, қиындыққа қарамай рөлдерін алып шыққандардың ішінде: 35 градустық ыстықта құндақтаулы нәрестесімен жүрген Аида Жантілеуова, шақалағы қырқынан шықпай «Зеркалада» ойнаған Элизат Берікова бар. «Балуан Шолақ» толықметріндегі образы үшін Еркебұлан Дайыров болса 20, ал «Пышкадағы» Назерке Назарова 10 келі салмақ қосқан.