«MTV video music awards 2021» шарасының жеңімпаздары анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Осымен 38-ші мәрте ұйымдастырылып отырған «MTV Video Music Awards» -қа биыл «COVID-19» кесірін тигізе алмады. Көптен күткен ауқымды шара осы жолы жүздеген көрерменмен өтті.

Музыка саласының кіл мықтыларын анықтайтын марапатта биыл жас әнші Оливия Родриго топ жарды. 3 бірдей номинация бойынша үздік шыққан өнерпаз «жылдың жаңа әншісі» атанса, «Drivers license» хиті «ең үздік поп-трек» және «үздік жыл перформансы» деп танылды.

Оливия Родриго, әнші:

– Уау, сене алар емеспін! Рақмет барлықтарыңызға. Шынымды айтсам мұндай жетістікке бірден жетемін деп ойлаған жоқпын. Қатты толқып тұрмын.

Оңтүстік корейлік «BTS» ұжымы да әйгілі марапатта 3 бірдей мүсіншеге ие болды. Кей-поп жанры үздіктерінің «Butter» әні «Жаздың хиты», «Үздік K-POP видео» атанса, бойзбендің өзі «Жылдың үздік тобы». Алайда, арнаулы жүлдені сахнадан алып кете алмаған мемберлер, Оңтүстік Кореядан сәлемдеме жіберді.

«BTS» тобы:

– Әр жылда біздің еңбегімізді бағалап жатқан шараға алғыс айтамыз. Ең бірінші біздің тыңдармандарымыз «арми»-ға рақмет. Сіздер күллі әлем бойынша бізге

«MTV Video Music Awards»-та дәл осы жылы Lil Nas X-та назардан тыс қалмады. Жас музыкант «MONTERO» бейнебаяымен «Жыл видеосы», «Үздік режиссерлық жұмыс» және «Үздік визуалды эффект» номинациялары бойынша мүсіншені еншіледі.

Билли Айлиш та айтулы кештен құр алақан қайтпады. Әншінің «Your Power» туындысы «Үздік латын видеосы» және «Әлеуметтік тақырыптағы үздік видео» атанды.

Тик ток арқылы күллі әлемге танылған Доджа Кэт болса, SZA-мен «Kiss Me More» трегімен «үздік коллаборация» статуэткасын жеңіп алды.

Сондай-ақ, Бруно Марс, Бейонсе, Гарри Стайлс және Трэвис Скот та бұл шарада бір-бір марапатты қанжығасына байлады.