Мирас Жүгінісовтың «зымыран» трегі itunes чартында!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мирас ұсынған кезекті лирика тыңдарманға қатты ұнағандай! Тректің муд видеосы бірнеше күн бұрын жарық көрсе де, ютубта 87 мыңнан астам қаралым жинаған. Ал әннің өзі небәрі 1 аптаның ішінде хитке айналып, тиктоктың трендінен түспеуде.

Ал екінші орынға Инстасамканың «Липси ха» трегі жайғасқан! 21 жастағы ресейлік рэп орындаушының бүгінде танымалдылығы шарықтап тұрғаны жасырын емес! Эпатажды қылықтары арқылы аты шыққан блогер, бүгінде шоу-бизнесті бағындыруда.

Ал Моттың «Август это ты» трекі бүгінде әр қазақстандықтың құлаққабынан түспеуде десек, артық айтқандық емес! Сезімге толы сазды әндерімен танымал Матвей тағы да тыңдарманның жүрегін елжірете білгендей. Трек айтюнс чартының көшін бастап тұр.