Қазақстандық жұлдыздар несие мен ипотекаға жүгіне ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Концерттері шегеріліп, тойлары тоқтаса да, дубляждағы мансабы жүріп тұрған жұлдыздардың бірі – Қайрат Әділгерейдің несиеге жүгінген кездері болған екен. «Бірақ оған бүгінде қажеттілік жоқ», - деген Қайрат: «Адам өз қауқарын өзі біледі ғой. Көтере алмайтын шоқпарды белге байласа, әрине қарызға батады», - дейді.

Қайрат Әділгерей, актер:

– Үкімет тарапынан айтар әңгімем, кішкене халыққа ыңғайлы қылып, мына пайыздық жағын төмендету керек. европадағыдай 3 пенен 8 пайыздың аралығында. Бізде білесіз ғой 23, 29, 19,17. Тіпті 60 мың доллар алатын болсаң кредитке, оны сен 172 мың қылып қайтарасың. Бұл масқара ғой. Сондықтанда осы жағын кішкене қарастырса. А былайынша кредит, ипотека деген өте қолайлы дүние.

Ал бүгінде қаланың ішінен, қос қабатты коттедж салып жатқан актриса Әйгерім Қалмұратова құрылыстың оңай емес екенін айтады. Бірақ Әйгерім осыған дейін несиеге жүгінбепті. «Жиған тергеніміз бар. Одан бөлек бұрынғы үйді саттық. Егер қажеттілік туған жағдайда несие алатын шығармын», - дейді.

Әйгерім Қалмұратова, актриса:

– Бірақ адамның басына не түседі, білмейміз ғой. Мен сияқты біреу үй салып жатса, қаражаты жетпей жатса әрине ол кредит алады. Біреуден қарызға алуы мүмкін деген сияқты. Бірақ қарызға қазір кім бере береді?

Ипотекаға да, несиеге де қарсы өнер адамдарының арасында – Жаһан Отарғалиев бар екен. Актер: «Бөліп төлей аламын, ал үстеме қосатындарға жоламаймын», - дейді. Естеріңізде болса, Жаһан кино түсіру үшін зәулім үйін 65 миллион теңгеге сатқан болатын. Бүгінде жары – Балжан Бидашпен бірге пәтер жалдап тұрып жатыр.

Жаһан Отарғалиев, актер:

– Менің ең жек көретін адамдарым қазір – риелторлар. Жек көрем мен сендерді! Шыныменде әркімнің өзінің жұмысы ғой. Бірақ олар чересчур заряжать ететіндерді түсінбеймін. Ұзақ іздеп жүріп, хозяйнның өзінен алдық. То есть риелторсыз. Сол себептен айына 400 мың теңге төлеп, пәтерде тұрып жатырмыз.

Жұлдызды отбасы жсопарында әзірге жаңа пәтер жоқ екен. «Ең бірінші армандарымызға жетіп алайық. Кейін бәрі болады»,-дейді олар.