Қазақстандық әншілер музыкалық платформалар арқылы қаржы таба ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мирас Жүгінісов 2 апта бұрын «Зымыран» атты жаңа әнін барлық ақылы музыкалық платформаға жүктеген еді. 14 күн ішінде трек «iTunes»-та екінші орынға шықса, «Youtube»-та 1,5 млннан астам қаралым жинаған.

Мирас Жүгінісов, әнші:

– Қазір Қазақстанда жақсы дамып келе жатыр. Барлығы «Apple Music»-та тыңдайды. Біз үшін ол өте жақсы негізі. Сөйтіп, барлық әншілер платформаларға салатын болса барлығы сол жақтан тыңдайды, неге тыңдамайды, тыңдайды.

Алайда, Мирас тыңдалымы жағынан топ жарған трек иесі ретінде, «iTunes»-тен әзірге ақысын алмаған екен.

Дана Кентай да әріптестерінен қалыспайын деген сынды. Әнші жаңа тректерімен қоса ескі альбомдарын «iTunes»-қа жүктеп қойған көрінеді.

Дана Кентай, әнші:

– Енді қолға алайын деп жатырмыз. Негізі алдын біз тегін сайттарға, тегін ютубқа сала беріппіз, енді сол кішкене «iTunes»-қа барлығынын дұрыстап қолға алу керек болып тұр. Дәл қазір бізде iTunes-та баяғы менің ескі әнімнен екі альбом салынды.

Ал Салтанат Құдайбергенова музыкалық платформалар арқылы тек қаржы тауып қана емес, шетелде танылуға да болатынын айтады.

Салтанат Құдайбергенова, әнші:

– Бәсеке арқылы өсеміз. Мен біздің отандық әртістеріміздің өнер адамдарының өскенін қалаймын. Шетелге танылғанын қалаймын. Еңбектерінің ақталғанын қалаймын. Сол себептен өте дұрыс деп санаймын.

Алайда, әзірге Салтанат ақылы сервистер арқылы ақша тауып жүрген жоқ. Бірақ айтуынша, бәрі болашақ еншісінде.