Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында премьера!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерекше интерпретацияға толы қойылым америкалық жазушы Кен Кизидің «Көкек ұясының үстінде» романына негізделген. Қоюшы-режиссері Галина Пьянова. Спектакльда ішкі бостандық пен жеке адамның тәуелсіздігі туралы тақырып қозғалады. Пьянова бұл туындыны театрдың талантты жас ерлер құрамын көргеннен кейін, қояюға бел буған екен.

Галина Пьянова, режиссер:

– Менің жағдайымда кез-келген қойылымымды қою идеясы сол сәтте театрдан не көремін, содан кейін келеді. Осы спектакльді қою туралы шешімімді жас талантты ерлер құрамын көргеннен кейін қабылдадым.

Спектакльдің бас қаһармандары жабық медициналық мекеменің аға медбикесі мисс Рэдчет пен емделуші Рэндл Патрик Макмерфи. Сюжетте екеуінің күрестері мен шиеленістері қатар көрсетіледі. Бұл рөлге актерларды таңдау қиынға соқпаған, Макмерфиді ойнау Никита Коньшинге бұйырған.

Никита Коньшин, актер:

– Мен үшін бұл рөл қиын болды. Тетрда жүргеніме 9 жыл болды. Көбінесе қасқырларды ойнаймын, қазірде соларды сомдап жүрмін. Өйткені түрім соған сәйкес келеді. Ал Макмерфи образы қарапайымдылықты талап етеді.

Барлық кейіпкердің образдарын жасақтауға режиссер Галина Пьянованың өзі атсалысқан. Тіпті, арнайы кастинг ұйымдастырып, актерлерді рөлге бекіткен. Ал су жаңа спектакльді театрға барып тамашалай аласыз.