Блогерлер инстаграм парақшаларынан айырылып қалуы мүмкін бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрдаулет Бектұрсын бүгінде ең табысты блогерлер тізімінде. Инстаграм парақшасында 3 млн-нан аса оқырманы бар ННН үшін, әлеуметтік желі ең басты жұмысы және кіріс көзі. Желі жұлдызы бір емес екі бірдей аккаунт жүргізіп отырады екен.

Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:

Менің екінші аккаунтым екі миллион. Страховка ғой әрине. * Енді мен ютубтан бастағам, маған ютубтан кейін инстаграм тик-ток оңай болады. Сондықтан да алдыңғы 3 күнді ойламаған еркек еркек емес дейді. Сондықтан да алдағы болашақты ойлап жүруге тырысамыз барынша.

ННН инстаграмдағы негізгі парақшасынан айрылып қалса, екіншісінде белсенділік танытпақ. Түрлі жарнамалар мен гив ойнату арқылы пайда көріп жүрген блогер, 70 пайызға дейін күн көрісім дәл осы ресми парақша арқылы келеді дейді.

Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:

70 пайыз инстаграм, 30 пайыз өзімнің жұмыстарым. Осы уақытқа дейін осы қазақ тілді блогерлер бағалары өте төмен бағалар болған, сондықтан да мен сол системаны бұзғым келеді. Құдайға шүкір осындайға жетіп жатырмыз ғой. Бұрыннан айтым келе жатқан әңгімем жеттік бұйырса, содан кейін бағаны қымбаттаттым, қазақша болу модада.

ННН сынды инстаграмға тәуелді блогерлердің тағы бірі – Садраддин. 2 млн-ға жуық фолловері бар әнші, әлеуметтік желіден айрылып қалудан қорқатынын жасырмайды. Садраддин тіпті парақшасындағы жарнаманың арқасында анасына пәтер сыйлаған еді.

Sadraddin, әнші, блогер:

Құдай сақтасын, Құдай сақтасын. Қазір қиын ғой енді, білмеймін. Құдай сақтасын, айтпай-ақ қояйықшы ондай нәрсе. Тьфу-тьфу. Бағанан бері ойбай қорықпаймын деп тұрғаным ше.

4,5 млн-ға жуық тіркелушісі бар тележүргізуші Аша Матай да кәсіби блогерлерден кем түспейді. Арнайы контентпен жұмыс жасайтын медиа тұлға бүгінде арықтау сынды ақылы курстар ашып, инстаграмда белсенділік танытып жүр.

Аша Матай, тележүргізуші:

Құдайға шүкір осы уақытқа дейін, блокка түсіп көремегенмін, ешқашан және жоғалтып жатады ғой енді аккаунттарын жылап жататын әріптестерді де көрдік қой. Табыс көзі қазір инстаграм болып кетті ғой көбісінде. Мен табыс көзі ретінде инстаграмды қарастырмаймын.