«Netflix» ұсынған туындылар арасында ең танымалы қайсысы?

Сообщить о проблеме с эфиром

Netflix сервистік қызметінің мәлімдеуінше, телехикаялар арасынан, қаралымы ең көп болған туынды «Бриджертоны» екен. 4 маусымнан тұратын картинаның сюжеті Джулия Куинннің «Герцог және мен» романына негізделген. Басты рөлдерді Реле-Жан Пейдж мен Фиби Диневор сомдайды.

Ал фильмдер арасында «Құстар қорабы» ең көп қаралым жинаған картина! Бұл туынды осымен үшінші жыл қатарынан үздіктер арасынан түсер емес. Netflix пайымынша, көрермен аталмыш лентаны 2019 жылы 80 млн, 2020 жылы 89 млн рет тамашалаған екен.

Сондай-ақ, үздік фильмдер қатарында «Эвакуация» картинасы да бар. Көптің көзайымына айналған бұл кино шыққанына 4 апта өткен соң 99 млн қаралым жинап, рекордтық көрсеткішті орнатқан екен. Содан бері бұл туынды көрермен сұранысынан түспек емес.