Мәди Рымбаев пен Kyle Ruh-тың алғашқы ән кеші қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәди алғашқы ән кешін өнердегі әріптесі Кайл Рухпен бірлесе өткізді. Қос өнерпаз осыған дейін де коллаборация жасап, ортақ «Dalelde» атты клип таспалаған еді. «Музыкалық бағыт пен шығармашылығымызда үндестік бар, сондықтан концертті Кайлмен бірге ұйымдастырдық», - дейді Мәди.

Мәди Рымбаев, әнші:

біз енді ең біріншіден өмірде де, өнерде де жақын доспыз. Және кішкене біздің шығармашылығымыздың бір ұқсайтын жерлеріміз бар. Ол енді құпия емес. Және жолымыз бір. Әрдайым бірге жұмыс істейміз.

Бұл Кайл Рухтың да алғашқы ән кеші екен. Сондықтан, қос музыкант үлкен жауапкершілікпен дайындалған көрінеді. Мәди мен Кайл барлық әндерді лайф бендтың сүйемелдеуімен жанды дауыста орындап шықты.

Kyle Ruh, әнші:

Тосынсыйлар өте көп болады. Өйткені, Мәдиде де мен де жаңа әндер орындалады. Менің альбомым шығайын деп жатыр бұйырса. Сол альбомның ішіндегі жаңа әндер орындалады. Қызық болады деп ойлаймын адамдарға

Мәди мен Кайлға қолдау көрсетіп келгендердің қатарында Әли Оқапов пен Дидар Кәден секілді ағалары болды. Тіпті Дидар жас музыканттардың дайындығына тәнті екенін айтып, ризашылығын білдірді.

Дидар Кәден, әнші:

Мен негізі бұл бауырларымның бұл жерде бір жағынан еңбекқорлығына, екінші жағынан өздерінің жаңағы жас болса да жігіттік бір мінезі бар, өздерін дәлелдегісі келетіндігіне қуанып отырмын. Себебі осы Али бар, жаңағы біраз ағалары бар. Ешкімнің көмегіне жүгінбей, анасынан көмек сұрамай деген сияқты.

Айтпақтай, Роза Қуанышқызының өзін кенже ұлының алғашқы концертінен байқамадық.