Әлеуметтік желілер істен шықса блогерлер немен айналысады?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Әлеуметтік желілер істен шыққанда, төбемізден жәй түскендей күй кештік», - дейді блогерлер. Нұрдаулет Бектұрсынды уайымдатқан жарнама берушілердің алдындағы міндеттемелер екен. Инстаграмның жұмысы 6 сағатқа тоқтап қалған кезде, ННН миллиондаған теңгеден айырылғаны анық.

Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:

- Әрине көңіл-күйім түседі, бірақ енді тоқтап қалмайды өйткені мен бұрын да инстаграмсыз өмір сүрген жігіттерміз, осындай инстаграмнан келген жоқпын.

NNN инстграмдағы бір сторисін млн теңгеге бағаласа, постының құны екі есе екен.

Элизат Берікова «Сезім толқыны»

Шығармашылығын қайта қолға алған Элизат Берікова, бар жаңалығын әлеуметтік желіде жариялайды. Әнші күні кеше жарыққа шыққан «Сезім толқыны» атты дебюттық трегін де, инстаграм арқылы жарнамалап жүр.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

- Инстаграмның арқасында кәдімгідей танылып жатырмыз, кәдімгідей инстаграм арқасында бізді көре алмай жүрген бізге қолдары жете алмай жүрген адамдар кәдімгідей бізді күнде не істеп жүргенімізді, не ішіп жүргенімізді, не киіп жүргенімізді көріп жүр.

Тиктокта автобус жүргізушісі ретінде танылған Айдос Ариновтың оқырманы күн санап өсуде. Жұлдызы енді жанса да, Айдостың өмірін бүгінде 70 000-нан аса фолловер бақылайды екен. Десе де ол, цифрлық апокалипсистен қорықпайды екен.

Айдос Аринов, тиктокер:

– Егер оқырмандарыңа сен нақты бір сондай, сол кісілердің сенімен ақтайтындай адам болсаң, ол адамдарды қайтарып алу қиын емес де ойлаймын.