Tiktokерлер неліктен хаустардан кетіп жатыр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Алғаш болып хауспен қош айтысқандардың бірі – Vipenot. Бастапқыда бәрі ұнайды деп сұқбат беріп жүрген тиктокер, ағымдағы жылдың сәуірінде бірден «Кетем» деген шешімге келген. Ең басты себеп: Вайптың өз жартысын табуында екен.

Vipenot, «Bip house»-тың экс-қатысушысы:

Иә, Қазақстандағы алғашқы хауспыз. Бәрімізді жинаған, біздің лидер әрі қатысушымыз – Таир. Жеке-жеке шақыртып, үлкен команда жасап шықты.

Таирдың командасынан түлеп ұшып, Вайпнотпен бірге жаңа өмірге қадам басқандардың бірі – Азиза Сәрсенова. Тиктокер ару бүгінде жеке шығармашылығында жақсы қаражат тауып жүргенін айтып қалды.

Азиза Сәрсенова, тиктокер:

Жұмыс деп те, хобби деп те айта аламын. Себебі ояна салып, контент жасауға яғни өзімізге ұнайтын шығармашылық процеске кірісеміз. Қала берді сол үшін ақша аламыз.

Ал аз уақытта Рахат Масақбай сахнаны, тикок алаңға айырбастап үлгерді. Оның хаусқа кіргеніне 1 жылдың көлемі болып қалды. Десе де әнші тиктокқа төселіп үлгергенін айтады.

Рахат Масақбай, әнші, тиктокер:

Тикток түсіріп жүргенім, ол көрермендерге жақын болуым және де өзімді басқы қырымнан таныту. Себебі тик ток бұл маған әлі алаң, который білмейтін алаң. Сондықтан да бұл жерде көріп түсіріп қызық болып жатыр.

Ал бір жылда 20 миллион жанкүйер жинап үлгерген «Yolo House» қазіргі таңда тек ТМД-ға ғана емес, күллі әлемге атақтары әйгі. 7 адамнан тұратын мемберлер, өздерінің жетістікке жету жолдарын былай түсіндіреді:

«Yolo house», тикток ұжымы:

Бір жыл бойы біз тоқтаусыз еңбек еттік. Таңертең азамен ерте тұрамыз, түрлі видеоларға идея іздейміз. Барынша креативті болуға тырысамыз. Жетістіктің сыры осы деп ойлаймын. Ешқашан ерінбеу керек, жалқауланбау керек.

Бастапқыда «Қазақстанға танылсақ та болады» деген оймен жұмыс істеген креативті қыз-жігіттер, аз уақытта АҚШ-тық хаустарды басып оза бастаған.

«Yolo house», тикток ұжымы:

Біраз уақыттан бері топ үздікте тұрған америкалық «Hipe House» бар. Біздің мақсатымыз солар сияқты аудитория жинау болған. Бірақ бүгінде оларды 3 есеге басып оздық. Өзге хаустар бізге бәсекелес емес, тек мотивация сыйлайды.

Бүгінде хаустардан кетіп, еркін шығармашылық жолда жүрген тиктокерлерден: Салижан Абдыбеков, Бека флако, Әсмя Шейхман бар.