«L’Oreal Paris» шоуы Голливуд жұлдыздары сән мінберіне жинады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Париж сән апталығы аясында «beauty» индустрия да назардан тыс қалмады. Әйгілі «L'Oreal Paris» шоуының подимуын бұл жолы сәнбикелер емес, Голливуд жұлдыздары жаулап алғандай.

Күллі бомонд бас қосқан шоудың қадірлі қонақтарының бірі және амбасадоры – Айшвария Рай. Бұл жолы Болливуд актрисасы арнайы дефиледе сәнбике ретінде бой көрсетті.

Эйфель мұнарасының маңында өткізілген фэшн шоудың подимуынан сондай-ақ, актриса Эмбер Херд пен әнші Камила Кабелло да табылды. Ал «Тақтар ойыны» сериалның жұлдызы актер Николай Костер-Вальдау сән мінберіне қызы Филиипамен бірге шықты.

«L’Oreal Paris» әнші, актерлерден бөлек, блогерлерді де ұмыт қалдырмаған. Әсіресе сән кешінде тикток жұлдызы Белла Порчты ешкім күтпеген еді.

Еске салсақ, дәл осы «L’Oreal Paris» шоуы зорлық-зомбылыққа қарсы нәзік жандылардың құқығын қорғау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Шара

әлемнің 30 мемлекетінде тікелей эфирден көрсетілген.