Шоу-бизнесте эпатажды образдарымен ерекшеленген арулар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айри жақында ғана су жаңа альбомының мұқабасы үшін кәсіби фотосессия жасады. Әнші бикеш бұл жолы батыл образдарымен ерекшелене білді. Тіпті стилист пен фотографты Ресейден арнайы шақыртқан көрінеді.

Ayree, әнші:

– Жалпы әр түрлі образ: «Дерзкий» да болды, «Романтика» да болды, «этно» да болды. Сондықтан бүгінге осы. Сіздер мені көріп тұрсыздар. Осындай образда.

Меруерт Түсіпбаеваны да эпатажды жұлдыздар қатарына қосуға болады. Әнші батыл жазбаларымен ғана емес, образдарымен де жұртты өзіне қарата біледі. Меруерт ханым тіпті сәтті кадр үшін жанкештілікке барып, аз уақытта 5 кг салмақ тастаған екен.

Меруерт Түсіпбаева, әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Менің актерлық шеберлігім Илайға ұнаған екен актриса ретінде мені шақырды және де шынын айтсам Илай маған арықта деп айтқан жоқ. Негізі ұялғанымнан фотосессияға ойбааай маған Илай киім алып келгенде, мен сыймай жатсам қалай ұят болады деп, 5 кг-ға арықтадым.

Шоу-бизнестің ең стилді аруы Лидо да, имиджын жиі өзгертеді. Әнші шашына түрлі эксперимент жасап, батыл образдарымен талай көзге түскенді. Бастысы шабыт келсе болғаны, - дейді Лидия ханым.

Лидо, әнші:

– Мен шабытты барлық жерден аламын. Табиғаттан, теңізден, адамдардан, әңгімеден шабыттануым мүмкін. Сосын инстаграм лентасы да әсер етеді. Мәселен, фэшн блогерлерді парақшаларын бақылап отрамын, олардан да шабыт алуым мүмкін.

Эпатажды жаны сүйетін арулар қатарында, сондай-ақ әпкелі-сіңлілі Камшат пен Алтынай Жолдыбаевалар, Мәдина Сәдуақасова мен Гүлнәз Жоланова да бар.