Instagram желісінде фолловер жағынан көш бастап тұрған қай жұлдыз?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал ең алғашқы жазбасын 2015 жылдың 21 ақпанында жариялаған – Қайрат Әділгерей, инстаграмның құдіретін тек карантин кезінде түсіне бастағанын айтады. Қала берді: «Бизнес по казахски в Турции» туындысына онлайн дауыс беру кезінде, статистика сұмдық көтерілді. Сонда бұл мүмкіндікті пайдалану керегін түсіндім»,-дейді актер.

Қайрат Әділгерей, әзілкеш:

– Қазір енді бірден бір өмірімізге араласып кетті ғой осы әлеуметтік желі. Осыдан 10 жыл бұрын ойладық па, әлеуметтік желісіз өмір сүре алмаймыз деп? Қазір шыныменде сенің өмірдегі, ортадағы статусыңды әлеуметтік желідегі парақшаңа қарап, сенің подписчиктеріңе қарап, сенің лайктарыңа қарап, статистикаңа қарап бағалайды.

Ал Элизат Берікова үшін, инстаграм ең үлкен табыс көзі! Әнші бүгінде парақшасын тыңғылықты дамытуды қолға алған. «Себебі жарнама берушілерге контент пен статистика маңызды», - деген ол, 300 мыңнан аса оқырманын көбейтуге бар күшін сарп етіп жүр.

Элизат Берікова, әнші:

– Негізі инстаграм күшті зат қой. Осы инстаграмның арқасында кәдімгідей танылып жатырмыз. Кәдімгідей бізді көре алмай жүрген, бізге қолдары жете алмай жүрген адамдар, біздің күнделікті не істеп жүргенімізді, не ішіп, не киіп жүргенімізді көріп жүр. Инстаграмның бір алып келген пайдасы, шынымен айтайын – табыс. Кәдімгідей ақша алып келеді.

Ал бүгінде желінің жұлдызды жұбына айналған – Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш инстаға асқан рақметтерін айтады. Себебі: «Елге танытқан да, атақты-ақшалы еткен де осы инста»,-дейді. Тіпті Балжан 1,5 миллион оқырманы бар парақшасын жоғалтқаннан кейін, Жахан екеуі 1 жылға жетер-жетпес уақытта жаңа аккаунтына 800 мыңдай фолловер жинап алған еді.

Жахан Отарғалиев, актер:

– Маған действительно үлкен пайдасы тиді ғой инстаграмның. Сол арқылы халыққа жақын болудың. Біраз жерлерде көмегі тиді.

Саған көп рақмет, бізді халыққа жақын еткеніңе!

Бүгінде фолловер санынан, Қазақстан бойынша 5,6 миллион оқырманмен – Қайрат Нұртас бірінші орында. Одан кейін 4,4 миллионмен – Аша Матай екіншілікке жайғасса, қола 4,3 миллионы бар – Баян Мақсатқызына бұйырып тұр.