Отандық кинотеатрларда топ жарған фильмдер тізімі анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Марвел» киностудиясы ұсынған фантастикалық лентаны көрермен асыға күткен еді. 2 жылдан кейін кезекті бөлімі жарық көрген туынды айналымдағы алғашқы аптада 187 млн қаржы кіріс көрді. Фильмде бұл жолы журналист Эдди Броктың денесіне еніп алған зұлым құбыжық симбиоттың, қас жауы Карнажбен шайқасы баяндалады.

Заманауи графикамен әрлеп таспаланған «Дюна» лентасы киноиндустрияда ерекше туынды атанды. Өткен уик-эндте 29 млн. теңгеден аса пайда тапқан фэнтезиде басты рөлді Тимоти Шаламе мен Зендея сомдаған еді. Режиссер Дени Вильнёвтің картинасы сондай-ақ әлемдік кинопрокатта топ жарып 100 млн доллардан аса қаржыға кенелді.

«Шан-Чи және 10 сақина аңызы» фильмі өткен-уикэнде 19 млн теңге жинап үздік үштікті түйіндейді. Азиаттық суперқаһарман жайлы фантастикалық картина «Марвел» компаниясының жиырма бесінші жобасы. Режиссер Дестин Дэниел Креттон таспалаған лента, 2001 жылы жоспарланған болатын.