Джей Зи мен Бейонсе «London Film Festival 2021» шарасында көзге түсті!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Бір апта бұрын жаһан жұртшылығы тағатсыздана күтетін «London Film Festival 2021» шарасы басталған болатын. Аталмыш халықаралық киномарапатта Джей Зи мен Бейонсе «The Harder They Fall» картинасымен бақ сынауға келген.

Рэпер Джей Зи продюсерлік еткен туынды вестерн жанрында таспаланған. Лента әлемдік прокатқа 3 қараша күні шықпақ. Басты рөлдерді: Идрис Эльба, Джонатан Мэйджорс сомдайды.

Еске салсақ, бұл сайыс1956 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 50 елден 300-ге тарта деректі және қысқаметрлі фильмдер бақ сынайтын жарыста, биылғы «Үздік фильм» номинациясын режиссер Эдгар Райттың «Жарылыс» картинасы жеңіп алды.

Салтанатта қонақ болған атақтылардың арасында Кристен Стюарт та бар. Актрса түскен «Спенсер» атты картина 5 қарашада үлкен экрандарға жол тартпақ. Лента «Сазерленд Трофейге» таласпақ.

Одан бөлек басты сайыс тізімінде әлі «Үздік британдық дебют» пен «Гирсон» аталымдары да бар. Марапат 17 қазан күні аяқталмақ.