Хитмейкер атанған Қанай «Меховая 8/1» -ді менсінбей кеткен бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қанайды соло әнші ретінде танымал еткен дәл осы «Ол қыз» трегі. Көптен бері өнер әлемінде жүрген Нұрболат бұл ән бойтұмарына айналады деп еш ойламаған.

Қанай, әнші:

– Негізі именно «Ол қыз» атады деп күткен жоқпын. Жалпы негізі ниет болды бір өлеңім ату керек қой деген сияқты. Әрбір әншіні асырап жатқаны қазір бір өлеңі ғой. Сол арқылы ол кісіні біледі, өлеңдерін тыңдайды.

Сондай-ақ, Нұрболат биыл отандық конкурсқа қатысып өз мүмкіндігін сынап жүр. Одан бөлек, «Меховая» тобымен бірлесе су жаңа тректерді жазуға кіріскен.

Қанай, әнші:

– Қанайдың графигі босамай жатырмын. Өзім түсінбей жатырмын енді. Басыма берліген бақ шығар осы өлең енді. Бір жағынан «ол қыз» хитовать етіп жатыр. Бір жағынан «Меховая 8/1» -дің «Тойға шашу дейтін әні недавно тоже миллион болды. Жан жақтан Меховаямен заказдар келіп жатыр, өзіме де заказдар келіп жатыр.

Десе де, әнге деген сұраныстың көбейіп, тойға тапсырыстардың жиілеуі Қанайдың гонорарына аса әсер етпепті.

Қанай, әнші:

– Шүкір, шүкір нормально. Бірақ енді әркімнің жағдайына қараймызғой енді. Ойбай деп жыртылмаймыз.

Қанай жеке әнші ретінде өнер көрсеткелі бері, «Меховая 8/1» болашағына алаңдағандар та табылған еді. Алайда өнер иесінің жанкүйерлеріне айтар өз жауабы бар.

Қанай, әнші:

– Меховая ИншАлла биыл тарамайды. Қартайғанда тарамасақ. Біргемізғой жалпы, Жандос пен Қабдол данный момент тойда. Енді тойдың адамдары ғой. Менде тойдың адамдарымын ғой. Бірақ енді Меховаяны шақырған жоқ. Жалғыз өзімді шақырды. Меховаяны шақырса жүретін едік үшеумізде.