Отандық блогерлер «ЖОО» бітірген бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қаншама адамның «роднойына» айналған Қадырбаев Жансерік Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің түлегі. Блогер жоғары оқу орнын қызыл дипломға бітірген. Сондай-ақ, Женсерік: «Қазір мамандығым туралы құнды қағаз уақытша қажет емес, бірақ болашақта кәдеме жарайтыны сөзсіз», - дейді.

Жансерік Қадырбаев, блогер:

– Мен қызыл дипломмен бітіргенмін. Енді сіздерге қызық шығар. Просто мен өзім бала кезден журналистика мамандығын армандағам, аңсағам. Қазіргі таңда диплом керек болып жатқан жоқ. Дегенмен де, өзімнің Құдай сақтасын жұмыстарып тоқтап қалған жағдайда мен қайда бару керек екенін білемін, ол телевидение. Ол жақта менде диплом бар. Ол полюбому керек болуы мүмкін.

«Даке» нигімен әлеуметтік желіде танымал Дәулет, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын архитектор мамандығы бойынша тәмәмдаған екен. Есенбайұлы: «Студент кезінде блогерлікпен айналысуыма оқуым еш кедергісін тигізген жоқ», - дейді. Керісінше, болашақтағы жоспарларынының нақтылануына жақсы әсерін тигізгенін айтады.

Дәулет Есенбайұлы, блогер:

– Мен КазГАСА деген университетте оқығанмын. Наоборт универ бітірген кезде сәл-сәл уже подписчигім бар болып бітіре бастадым да, и уже ары қарай қандай шагтар жасайтынымды ары қарай қандай план болатыны маған оңай болды да. Қайда жұмысқа тұрам, дилпомды нестеймін деген сұрақ болған жоқ.

Ал Баха пупер техникалық университтің түлегі. Блогер мамандығына жан қалауымммен емес, грант бұйырғандықтан түскенін жасырмайды.

Бақытжан Ақпаров, блогер:

– Мен жалпы Институт архитектуры и строительстваны бітірдім. Бірақ оның ішінде су ресурстары және оны пайдалану факультеті. Вообще оны ешкім білмейтін де шығар, ондай факультет бар екенін. Грантқа түстім да тегін оқу болғаннан кейін амал жоқ оқыдық.

Осылайша, Баха әзірге дипломының кәдеге жарамай тұрғанын айтады. Десе де, желі жұлдызы қашан да білімнің керек екенін мойындайды.