Өнерде биік лауазым иесі атанғысы келетіндер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері Айнұр Ілиясованы үлкен экраннан емес, әлеуметтік жобалардан көп көреміз. Актрисаның соңғы кездері көздегені де сол сияқты. Қоғамдық өмірге белсенді араласқан өнер иесі болашақта депутат болғысы келетінін жасырмайды.

Айнұр Ілиясова, актриса:

– Ылғи менің көкейімде болатын, осы дәл қазір ғана қолым жетті осыған. Сондықтан да әлеуметтік белсенді болуға боламын және болуға шақырамын адамдарды. Болашақта енді жоспар бар.

Алтынай Жорабаева да Айнұр Ілиясова сияқты саясатқа араласуға қарсы емес! Әнші лайықты жерге шақырту түссе, ұсынысты қарастырып көруге әзір. Оның үстіне әнші билік басына баруға тәжірбиесінің жеткілікті екеніне сенімді.

Алтынай Жорабаева, әнші:

– Егер ұсыныс түсіп жатса, оған білмеймін, баруға болады деп ойлаймын. Енді қашанғы сахнада жүреміз мысалы. Қырықтан астық қазірдің өзінде, иә... Аяқтың өзін аңдып басатын уақыт. Бала-шаға өсіп келе жатыр.

Ал Меруерт Түсіпбаева керісінше, өз отанында саясатқа араласуға онша құлықты емес. Оның өзіндік себептері бар екен.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:

Саясатта мен сияқты адамдар дәл қазіргі уақытта керек емес. Мен сияқты тік мінезді адамдарды саясат жек көреді, қабылдамайды. Өйткені мен оларға бір қарсы пікір айтуым мүмкін. Сондықтан қазіргі уақытта... Егер мен Ресейде тусам, Ресейде депутат болар едім.

Десе де, Түсіпбаева билікте өзін байқап көруге әзір. Еске салсақ, отандық шоу-бизнес өкілдері арасынан мемлекеттік қызметте бағын сынап үлгергендер жетерлік. Олардың қатарында: Мейрамбек Бесбаев, Жеңіс Сейдоллаұлы, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болмановтар бар.